АҚШ Ирактың мұнай саласы ұйымдары мен өкілдеріне қарсы санкциялар енгізді

Мәлімдемеде Ирак мұнай министрінің орынбасары Иран мұнайын Ирак шикізатымен араластырып, оны заңсыз жолмен сатуға ықпал еткені айтылған.

 depositphotos.com Кеше 2026, 07:14
Кеше 2026, 07:14
240
Фото: depositphotos.com

Ирак мұнай саласының бірқатар өкілдері мен ұйымдарына қарсы АҚШ жаңа санкциялар енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Томми Пиготтың мәліметінше, шектеу шаралары Ирактың мұнай министрінің орынбасары Али Әл-Бахадлиге, бірқатар энергетикалық компанияларға және ел аумағында әрекет ететін екі қарулы құрылымға қатысты қолданылған.

Вашингтон тарапы санкция салынған тұлғалар мен ұйымдарды Ирактың егемендігіне нұқсан келтіру, табиғи ресурстарды заңсыз иелену, сондай-ақ Иран мүддесіне қызмет ететін қаржылық схемаларға қатысу және АҚШ азаматтарына қарсы зорлық-зомбылықты қолдау әрекеттері үшін айыптап отыр.

Мәлімдемеде Ирак мұнай министрінің орынбасары Иран мұнайын Ирак шикізатымен араластырып, оны заңсыз жолмен сатуға ықпал еткені айтылған.

Сондай-ақ санкция тізіміне “Катаиб Сейид аш-Шухада” және “Асаиб Ахл әл-Хақ” қарулы топтары енгізілген. АҚШ тарапы оларды Ирак экономикасын террористік мақсаттарға қаржы тарту үшін пайдаланып отыр деп бағалады.

Наверх