АҚШ елшілігі Қазақстанға санкцияның әсері туралы айтты

5 Наурыз 2022, 16:08
2194
Бөлісу:
АҚШ елшілігі Қазақстанға санкцияның әсері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі АҚШ-тың Ресейге бағытталған санкцияларының өзге елдерге әсері туралы жазды.

Елішілік Қазақстанмен 30 жылдық серіктестікте  Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және нығайтуға көмек беруге дайын екенін айтты.

Украинадағы жағдай қарқынды дамып келеді, сондықтан қазіргі уақытта ұзақ мерзімді шаралар мен олардың салдары туралы айту қиын. Деcек те, біз АҚШ санкцияларының Ресей экономикасына бағытталғанын және олардың басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның экономикасына әсерін азайтуға арналғанын атап өткіміз келеді, - деп мәлімдейді елшілік Twitter желісінде.
 

Өзгелердің жаңалығы