АҚШ алапат өрттің салдарымен күресіп жатыр

17 Тамыз 2023, 21:08
529
Бөлісу:
АҚШ алапат өрттің салдарымен күресіп жатыр

Гавайдағы өрттен соң құтқару-іздестіру мен қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ-тың төтенше жағдайлар бойынша федералдық агенттігі (FEMA) таратқан мәліметке сәйкес, Мауидегі өрттен соң Байден әкімшілігі бүкіл үкіметті тілсіз жаудың салдарымен күреске жұмылдырған.

Аралдағы апатты жағдайдың салдарын жоюға 700-ден астам адам жұмылдырылған. Оның ішінде, 600-дейі дәл сол аралда жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

Апат аймағына америкалық Қызыл Крест ұйымы мен «United Way» волонтерлік ұйымының екі бригадасы медициналық көмек, азық-түлік, су, гигиеналық құралдар мен басқа да қажетті заттарды жеткізуге жіберілген.

Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге 40 кинологиялық іздеу тобы тартылса, одан бөлек, жүздеген іздеу-құтқару бөлімшелері көмектесуде.

Ел билігі зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 2,3 млн доллар қаржы бағыттаған.

Өзгелердің жаңалығы