АҚШ АЭС салуға үміткерлер қатарынан неге кетті?

27 Тамыз 2024, 18:08
1277
Бөлісу:
АҚШ АЭС салуға үміткерлер қатарынан неге кетті?
Фото: автордан

Қазақстанға АЭС салуы мүмкін 5 елдің ішінде АҚШ та болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір елімізге АЭС салуға ниетті 4 компания қалды. Олар – Ресейдің Росатомы, Қытайдың CNNC-і, Корейдің KHNP-і және Францияның EDF-і.

Атом және энергетикалық қа­да­ғалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин KazAtomExpo көрмесінде АҚШ-тың АЭС салу бойынша үміткерлер қатарынан неге шыққанын айтты.

АҚШ-тың кетуі қазір шағын модульді реактоларға бет бұруы себебінен. Олар қуаттылық жағынан жарамай қалды. Оның үстіне, шағын модульді реакторлар қазір ешбір жерде қосылмаған. Сондықтан оны болашақта қарастырамыз, – деді ол.

Серғазин сондай-ақ биыл жыл соңына дейін АҚШ Энергетика министрлігінің қолдауымен Ядролық физика институты аясында шағын модульді реактордың стимуляторы орналастырылатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, осыған дейін, Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге АЭС салынса, құрылыс қатаң бақылауға алынатынын айтты. 

АЭС бойынша референдум өткізу туралы Үкімет қаулысының жобасы Президент қарауына ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы