Елордада аққалалар "әскерін" қиратқан ер адамның видеосы пайда болды

23 Желтоқсан 2019, 18:36
4659
Бөлісу:
Елордада аққалалар "әскерін" қиратқан ер адамның видеосы пайда болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде аққалаларға қарсы шауып, оларды бірінен соң бірін қиратып жүрген ер адамның видеосы пайда болды. 

Желіде тараған видеодан ер адам Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық бақта орналасқан аққалалар "әскерін" қиратып, бұзып жүргенін байқауға болады. Ол біреуін аяғымен теуіп, "басын ұшырса", ендігісін қолымен ұрып, сындыруда. 


Қалалық әкімдіктің айтуынша, бақта орналасқан 300 аққала – бір отбасының еңбегі мен шығармашылығы. Олар Ботаникалық бақты безендіруге осылайша үлес қосып, елорданың басқа тұрғындарын да қысқы "Терракот әскерін" жасақтауға шақырған еді. 

Instagram желісінде жарияланған видео астындағы пікірлер де жігіттің мұндай ісіне наразы.

"Ауылда жүрген қой сияқты. Еш жері күлкілі емес. Адамдар тырысып, еңбек етіп, жасады. Ал 30 жастағы қайдағы бір жолы болмаған адам бәрін қиратып жүр. Ауруханада емделу керек! Бұл дұрыс емес. Мұндайлармен қыздар қалай кездеседі екен, түсінбеймін...", "Күшін тек аққалаға көрсете алады", - дейді пікір жазушылар. 

Желі пайдаланушылардың көбі бұзық жасаған жігітті ұстап, жазалауды сұрап жатыр. Алайда қала билігі әзірге қандай шара қолданатынын хабарламады.

Өзгелердің жаңалығы