Ақпараттық соғыс. Шетелде тіркелген әлеуметтік желілердегі 43 аккаунт анықталды

4 Ақпан 2022, 20:37
1650
Бөлісу:
Ақпараттық соғыс. Шетелде тіркелген әлеуметтік желілердегі 43 аккаунт анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

«Қайғылы қаңтар» оқиғаларынан кейін азаматтардың қоғамдық санасын бақылау үшін ақпараттық соғыс өріс алды. Ресми органдардың ескертуіне қарамастан, әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты тарату жағдайлары жиіленді, - деді ол. 

Ол атағандай, осы ақпараттық шабуылдардың түпкі мақсаты – құқық қорғау органдарының беделін түсіру ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын тұрақсыздандыру. 

Ақпараттық шабуылдардың басым бөлігі елден тыс жерлерден жасалады, бүгін шетелде тіркелген әлеуметтік желілердегі 43 аккаунт анықталды. Жалған ақпаратты таратудың барлық жағдайы бойынша кінәлілерді заңмен белгіленген жауапкершілікке тартуға шара қолданылуда, - деді Әділов. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы