Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

8 Сәуір 2022, 22:05
1422
Бөлісу:
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың төрағалығымен облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің қатысуымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста Павлодар және Жамбыл облыстары әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Министр биыл Комиссия жұмысында өңірлерде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңды сақтауға баса назар аударылатынын атап өтті. Осы мақсатта Комиссия алаңында жыл бойы барлық жергілікті атқарушы органдар қаралатын болады.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Асқар Омаров Жамбыл және Павлодар облыстарының әкімдіктеріне анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және болдырмау жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бірлесіп әзірлеуді және бекітуді ұсынды.

Сонымен қатар министр Президенттің 2022 жылғы 7 сәуірдегі «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына қатысушылардың назарын аударды, Жарлықта министрлердің жыл ішінде өңірлерде халықпен тұрақты кездесулерді өткізуі көзделген.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Қадыров өз баяндамасында қатысушылардың назарын «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның талаптарын жаппай және мүлтіксіз сақтау қажеттігіне аударды.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Павлодар және Жамбыл облыстарының әкімдіктері үшін проблемалардың бірі – ресми сайттарындағы және «Ашық үкімет» порталындағы ақпараттың уақытылы жаңартылмауы.

Мысалы, азаматтарды қабылдау кестесі, байланыс деректері, статистикалық салалық деректер, бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпарат, тұрғындар үшін маңызды деректер сайтта жаңартылмайды, - деп атап өтті Данияр Қадыров.

Өңірлерге тән тағы бір проблема – бұл «Ашық үкімет» порталдарында ақпаратты орналастыру тәртібінің сақталмауы, сондай-ақ НҚА жобалары мен бюджеттік бағдарламаларды қоғамның талқылауы туралы хабарламалардың болмауы.

Сонымен қатар НҚА жобаларына келіп түскен пікірлер мен ұсыныстардың едәуір бөлігіне «Назарға алынды» деген сияқты формалды жауаптар беріледі, - деп атап өтті Данияр Қадыров.

Бұған қоса, отырыста ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалардың шала жұмысы атап өтілді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бастап уәкілетті тұлғалар институты барлық мемлекеттік органдарда енгізілді.

Павлодар және Жамбыл облыстарының әкімдіктеріне әлеуметтік желілер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасында жұмысты жандандыру қажеттілігі жеке ескертілді.

Сондай-ақ АҚДМ өкілі өз сөзінде ашық отырыстарға қолжетімділікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ БАҚ үшін ашықтықтың маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы