Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

6 Қаңтар 2023, 11:30
956
Бөлісу:
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Александр Данилов  Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов берілген өтінішіне сәйкес ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.

Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобсының жетекшісі болды.

2022 жылы қаңтар айында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы