Ақнұр Оспанова: Мақсатымыз – халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру

24 Желтоқсан 2021, 16:17
1942
Бөлісу:
Ақнұр Оспанова: Мақсатымыз – халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қазан айынан бастап екі заңгер  мен бір кеңесші мегаполис тұрғындарына тегін кеңес беріп келеді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласының «Еріктілер лигасы» ҚҚ директоры Ақнұр Оспанова мәлімдеді.

Алматыда «Заң консультациялары» жобасы іске қосылды, соның арқасында барлық тілек білдірушілер мамандардың заң көмегін тегін ала алады. Үш айдың ішінде заң көмегі офлайн форматта 553 тұрғынға көрсетілсе, 1102 адам онлайн-консультация алған.

Бұл жобаның негізгі мақсаты қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру. Біздің заңгерлер қабылдауды тегін жүргізеді. Жоба танымал болған жағдайда мамандар штаты кеңейтіледі, – деді қоғамдық қор төрағасы.

Көпжылдық тәжірибесі бар заңгерлер азаматтар жүгінген кезде ауызша және жазбаша кеңестер беріп қана қоймай, іс материалдарын зерделеуге көмектеседі, соттарда өтініш білдіргендердің мүдделерін білдіреді, талап арыз жазуға жәрдемдеседі және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.

Алматылықтар Торайғыров көшесі, 29 мекенжайына хабарласа алады. Жоба 2022 жылдың желтоқсанына дейін әрекет етеді.

Заңгерлер мен жобаны ұйымдастырушылар командасының болашаққа үлкен жоспарлары бар. Ақнұр Оспанованың мақсаты – Алматы қаласын ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамту.

Өзгелердің жаңалығы