Ақмоланың он ауданында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

4 Сәуір 2022, 19:40
1681
Бөлісу:
Ақмоланың он ауданында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының аумағында қардың күрт еруінен елді мекендерді су басу қаупі күшеюде. Қазіргі уақытта су қоймаларына жақын аймақтарда қар суына қарсы шаралар жүргізілуде. 

Ақмола облысындағы гидротехникалық құрылыстарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Жергілікті билік мүдделі органдармен бірлесіп жоғары дайындық режиміне көшті, елді мекендерде «жедел желі» жұмыс істеуде.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің айтуынша, 4 сәуірдегі жағдай бойынша аймақта су деңгейі қалыпты жағдайда. Бөгеттер күшейтіліп, су өтер тұрбалар, арналар тазартылуда. Аймақта 98 мың текше метр су сорылды. Елді мекендерден 800 мың текше метр қар шығарылды. Бүгінгі күні су деңгейі қалыпты деп бағалануда. 238 км каналдар мен арықтар, 3029 су өткізу ғимараттары, 570 м көпір тазартылды.

Ақмоланың он ауданында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Күзде және қыста су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды. Дайындық жұмыстары жоспарға сай дер кезінде өткізілді. Ақмола облысының 14 өңірінің 53 елді мекенінде 47 су өткізу құрылыстарын жөндеу, жалпы ұзындығы 35 км су бұру арналарын кеңейту және тереңдету, 22 км өзен арналарын тазарту, 11 км бөгеттер салу бойынша іс-шаралар жүргізілді, – деді әкім орынбасары.

Бүгінгі күні 98285 текше метр су сорылды.Бұдан басқа, инертті материалдары бар 11990 дана қап төселді.           Облыстың 16 ауданының аумағынан 274,42 мың м3 қар шығарылды. Жанар-жағар май, инертті материалдар мен қаптардың қоры дайындалды. Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін 422 адам, 158 бірлік техника, 41 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.

Зеренді ауданынының аумағында Иванов, Алексеев, Айдабол үш бөгеті мен бір су қоймасы бар. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 150 техника, жүзу құралдары, палаткалар, 180 төсек-орын дайын, – дейді аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Сембаев.

Гидробекеттердің бір бөлігінде өзен арнасында қардың еруімен байланысты су деңгейі ауытқуы мүмкін. Шортанды пооселкесінде көшелердегі су өтетін каналдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Су қоймаларындағы судың көтерілу деңгейін қадағалау, оған жақын орналасқан жер үйлерді су баспас үшін арнайы қапшықтар қойылуда.

Ақмоланың он ауданында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Ауданда тасқынына қарсы күрес жұмыстары үшін 112 тонна жанар-жағар май, 10 мың қап инертті материалдар, 8 жылжымалы мотопомпа әзірленді. Биыл қар былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп түсті. Келесі аптадан бастап ауа райы күрт жылынатынын ескертіп отыр қазгидромет орталығының қызметкерлері. Осы ретте алдымен су сору құралдары жұмысқа әзір.  Соңғы бір тәулікте 24 мың текше метр су сорылды. Жергілікті атқарушы органдар, ТЖ департаментімен қажетті шаралар өткізілуде. 1,1 мың текше метр қар шығарылып, 400 метр каналдар мен арықтар тазартылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. 2082 адам, 978 техника 37 жүзу құралдары әзірленді. Жылдағыдай Нұра өзенінд мұз жару жұмыстары жүргізілді. Қауіпті 10 учаске, Приоброженск су торабы да күндіз-түні бақылауда, – дейді Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков.

Үйлерді су шайып кетуіне жол бермес үшін Қосшы және Степногорск қалаларында, Целиноград, Аршалы, Астрахан, Есіл, Шортанды, Жарқайың, Ерейментау, Атбасар аудандарында су сору жұмыстары жалғасуда. 

Ақмоланың он ауданында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Қауіпті аймақтағы аудандарға ТЖ департаментінен  2598 құтқару тобы жетті.

Жібек жолы ауылы – қауіпті аймақтардың бірі. Астана су қоймасынан су жіберілгенде 8-4-ші шағын аудандарды су басу қаупі мол. Бүгін күннің жылынуымен қар күрт еріп, Жібек жолы ауылында ағын су көшелерге жайылуда. 3-ші массивте екі автоцистерна, бес мотопомпамен еріген қар суы сорылуда. 1968 жылы салынған Безымянное бөгетіне былтыр «Казвобхоз» кәсіпорны өз қаражатына жөндеу жүргізді. Бөгет су өткізуге дайын. Әр шлюз секундына 6 метр су жіберу мүмкіндігіне ие. Қазіргі уақытта аудан бойынша 70 мың текше метр қар шығарылды, бұл жұмыстарға 121 қызметкер, 66 техника жұмылдырылды, – дейді Аршалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Марлен Бабаев.

Айта кетейік, 29 наурыздан бастап азаматтық қорғау қызметінің облыстық ішкі жүйесі жоғары дайындық режиміне көшірілді. Тәулік бойы су тасқыны қаупі бар өзендердегі гидротехникалық құрылыстарда 92 бақылау бекеті ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы