Ақмолалық құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде

5 Сәуір 2022, 14:24
1582
Бөлісу:
Ақмолалық құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының елді мекендерінде және жолдарында су тасқынына байланысты күрделі жағдайлар жоқ. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы жұмыс істеуде, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылғы 29 наурыздан бастап азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесі «жоғары дайындық» жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Облыстық су тасқынына қарсы жедел Штаб құрылды, сондай-ақ «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды. Тұрғын үйлерді, әлеуметтік және басқа да сала объектілерін су басу тіркелген жоқ.

Ақмолалық құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде

Өңірлерде 315 тонна жанар-жағар май, 17,2 мың тонна инертті материалдар, 76,8 мың дана қаптар дайындалды. Эвакуацияланушыларды қабылдаудың 222 негізгі пункті дайындалды. Мал айдауға 625 орын және 1,2 млн тонна жем дайындалды.

Ақмолалық құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 5 сәуіріне дейін Целиноград және Аршалы аудандарының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін Департаментпен жеке құрамнан барлығы 117 адам жіберілді, оның ішінде: Ақмола облысының ТЖД 110 адам және Нұр-сұлтан қаласының ТЖД 7 адам және  28 бірлік техника, 3 мотожол және 26 бірлік мотопомпа жіберілді.

 

Өзгелердің жаңалығы