Ақмолалық құтқарушылар Қосшыдағы тұрғын үйдегі өртті сөндірді

26 Ақпан 2024, 01:32
452
Бөлісу:
Ақмолалық құтқарушылар Қосшыдағы тұрғын үйдегі өртті сөндірді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Сағат 22.21-де Қосшы қаласында 70 шаршы метр аумақта шаруашылық құрылысында өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шақыру орнына Ақмола облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен 1 техникасы және Астана қаласы ТЖД 5 құтқарушысы мен 1 техникасы шықты.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жақын орналасқан 2 қабатты жеке тұрғын үйге өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт 23-30-да оқшауланып, 23-45-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы