Ақмолалық компания үздік студенттерге білім грантын бөлді

18 Қараша 2022, 18:12
966
Бөлісу:
Ақмолалық компания үздік студенттерге білім грантын бөлді

Ақмола облысының студенттері өңірдегі алтын өндіруші компаниядан білім беру гранттарына, әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. 

Грант бөлу кезінде әлеуметтік осал санаттағы жастарға басымдық берілді.

Бурабай ауданында орналасқан алтын өндіруші компанияның гранттарына үздік студенттер қол жеткізді. 

Аталған компания бірнеше жылдан бері үздік оқитын студенттерге қолдау көрсетіп келеді. Биыл RG Gold компаниясы конкурсты Ақмола облысы мен Астана қаласы аумағында өткізіп, бөлінетін гранттар санын ұлғайтты. Нәтижесінде конкурстық іріктеу барысында спортта, шығармашылықта және ғылымда жетістіктері бар 11 студент «Геология және пайдалы қазбаларды барлау» және «Тау-кен ісі» сияқты мамандықтар бойынша еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында оқу үшін білім гранттарының иегері атанды. 

Грант бүкіл оқу мерзіміне арналған оқу ақысын, сондай-ақ ай сайынғы стипендияны қамтиды, бұл жоғары оқу үлгерімі кезінде өсуі мүмкін. Бір атап өтерлігі студенттер оқуын аяқтағаннан кейін бірден кенішке жұмысқа орналасады және бірінші курстан кейін өндірісте практиканы бастай алады, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова.

Бүгінде компанияда бір кездері RG Gold гранты бойынша оқыған қызметкерлер табысты жұмыс істеуде.

2017 жылы Успеноюрьев орта мектебін бітірген соң конкурсқа қажетті барлық құжаттарды тапсырып, грант иегері атандым. Ал бүгінде осы компанияда толық штатта есепші болып жұмыс істеймін. Маған біздің корпоративтік мәдениетіміз өте ұнайды, ұжымда үнемі қолдауды сезінемін, әріптестерім ашық, олар маған жас маман ретінде көмектесуге ықылас танытты. Қазір мен кәсіпорын есебінен ағылшын тілін үйреніп жатырмын, бізде қызметкерлерді дамыту үшін барлық жағдай жасалған, – дейді компания есепшісі Мадина Доскенова.

Компания өңірдің дамуына жүйелі негізде үлес қосып келеді.

Персоналдарды жұмысқа қабылдау кезінде жергілікті мамандарға артықшылық беріледі, шаруашылық-тұрмыстық тауарлар мен қызметтерді өңірдегі кәсіпкерлерден сатып алады, кен орны маңындағы ауылдарды абаттандыруға инвестиция салады, жергілікті жастарға білім беру гранттарын бөледі. 2015 жылдан бастап компания әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, – деп қосты облыс әкімінің орынбасары.

Еске сала кетейік, RG Gold – Ақмола облысындағы Райгородок кен орнын игеріп жатқан алтын өндіруші компания. JORC халықаралық классификациясы бойынша Райгородок кен орнындағы алтын қоры 100 тоннаны құрайды, бұл еліміздегі ең ірі кен орындарының бірі.

«Верный Капитал» компаниялар тобы Райгородок кен орнын 2014 жылы RG Gold компаниясын құра отырып сатып алды. 2018 жылдың желтоқсанында Resource capital Funds американдық жеке капитал қоры RG Gold-тағы 35% үлесін сатып алып, жобаның екінші акционері болды. Акционерлер өндіріс көлемін, қорлар мен ресурстарды ұлғайтуға шамамен 144 миллиард теңге инвестициялады. Осылайша, алтын қоры төрт есеге (108 тоннаға дейін), өндіріс көлемі үш есеге ұлғайтылды. Жаңа nау-кен металлургия комбинаты іске қосылғанға дейін кәсіпорын шамамен 2,2 миллион тонна кен өңдеп, жылына шамамен 1,8 тонна алтын өндірді.

Өзгелердің жаңалығы