Ақмоладағы жылу электр орталығында тексеру басталды

28 Мамыр 2023, 10:51
764
Бөлісу:
Ақмоладағы жылу электр орталығында тексеру басталды
Фото: gov.kz

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері энергетикалық кәсіпорындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығын бақылау шеңберінде «Степногор ЖЭО» ЖШС-ға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылға арналған жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес электр станциясын алдағы жылыту кезеңіне дайындау үшін № 6 және 7 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу, № 3 қазандық агрегатын кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Қалған негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да № 3 және 7 қазандық агрегаттары бойынша және № 3 күл құбырын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары МСУ-104, «РемЭнергоМаш» ЖШС, «Қазбилд центр» ЖШС және «Әйтілек Шатары» ЖШС мердігер ұйымдарының қатысуымен жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарына екі ауысымда жұмыс істейтін 111 адам жұмылдырылды.

№ 7 қазандық агрегатын ашу кезінде қосымша ақаулар анықталуына және жөндеу жұмыстарының көлемінің ұлғаюына байланысты осы қазандық агрегаты бойынша күрделі жөндеуді орындау мерзімдері ұзартылды.

Жөндеу науқанының өтуі және Степногор ЖЭО-ның алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы