Ақмолада заңсыз еңбек етіп жүрген 43 өзбекстандық анықталды

20 Шілде 2023, 19:25
796
Бөлісу:
Ақмолада заңсыз еңбек етіп жүрген 43 өзбекстандық анықталды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында 40-тан астам шетел азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, 18 маусым "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Өзбекстанның 43 мигрантына рұқсатсыз  жұмыс берген Қазақстан Республикасының азаматын анықтады. 

Шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБТтК 519-бабы бойынша хаттама толтырылды, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы