Ақмолада тұрғын үй кешені өртенді

10 Тамыз 2023, 18:44
655
Бөлісу:
Ақмолада тұрғын үй кешені өртенді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысында «Жансая» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 тамыз сағат 15:20-да «Жансая» тұрғын үй кешенінің екінші қабатының балконында өрт шықты.

Өрт ауданы 4 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер болған жоқ. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 15:34-те оқшауланып, сағат 15:47-де жойылды. Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД 25 адамы және 6 техникасы жұмылдырылды. ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы