Ақмолада бір тәулікте 80-нен астам жол қозғалысы ережесі бұзылды

23 Ақпан 2022, 00:34
1598
Бөлісу:
Ақмолада бір тәулікте 80-нен астам жол қозғалысы ережесі бұзылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде 80-нен астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің алғашқы күні ақмолалық полицейлер жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында 81 жол қозғалысы ережесін бұзғанын анықтады. 

 2 наурызға дейін жалғасатын «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 21 ақпанда сағат 00:10-да Атбасар қаласындағы Атбасар АПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын, Атбасар қаласындағы такси фирмаларының бірінде жұмыс істейтін 32 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ-21063 автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші «жеңіл дәрежедегі» алкогольдік мас күйде болды. Осы азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы) қозғалды.

Көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін 18 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 15 азамат жолаушылар тасымалын техникалық тексеруден өтпей, 3 - сақтандыру полисінсіз жүзеге асырды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 595-бабы бойынша 12 қоғамдық көлік жүргізушісі, екеуі автокөлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы