Ақмолада баланы құтқармақ болған мұғалім суға батып кетті

14 Шілде 2023, 10:40
587
Бөлісу:
Ақмолада баланы құтқармақ болған мұғалім суға батып кетті
Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында ер адам баланы құтқарам деп суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, Щучье қаласы көлінің қарама-қарсы жағында батып бара жатқан баланы құтқарам деп, 1958 жылы туылған ер адам суға батып кетті. 

Ер адам баланы құтқара алды. Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды жағаға апарып, құтқарушылар жедел жәрдем келгенге дейін, жүрекке массаж жасау арқылы алғашқы медициналық көмектерін көрсетті. Өкінішке қарай ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыстың тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұрайды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Sinegor.kz Instagram парақшасындағы мәліметке сәйкес, баланы құтқарам деп қаза болған адам алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болған екен. Александр Руденко өз еңбек жолы барысында құрметті мұғалім, өз ісінің шебері болған. Ерлікпен қаза тапқан марқұмның отбасына көңіл айтамыз! 

Өзгелердің жаңалығы