Ақмола полицейлері жоғалған 14 бас жылқыны тапты

14 Мамыр 2023, 13:50
862
Бөлісу:
Ақмола полицейлері жоғалған 14 бас жылқыны тапты
Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері жоғалған 14 жылқыны тапты, деп жазады BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұланды ауданының полиция бөліміне 14 бас жылқы жоғалғаны туралы Макинск қаласының тұрғыны көмекке жүгінді. Иесінің айтуынша, жылқылар елді мекенге жақын жерде жайылымда болған.

Үй жануарларының болу жерін анықтау үшін полицейлер бірнеше сағат бойы орман алқаптарын тексеріп, ауланы аралап шықты. Іздеу іс-шараларына еріктілер мен орман қызметкерлері қатысты. Полицейлер жылқыларды көрші аудан Біржан сал аумағынан бір тәулік ішінде тапты. Қазіргі уақытта барлық 14 бас жылқы заңды иесіне қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы