Ақмола өңірінде 100 шақырымнан астам республикалық маңызы бар жол жөнделді

3 Қазан 2022, 19:49
1293
Бөлісу:
Ақмола өңірінде 100 шақырымнан астам республикалық маңызы бар жол жөнделді

Биылғы жол құрылысы маусымы аясында Ақмола өңірінде республикалық маңызы бар 100 шақырымнан астам жол жөнделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы, 2022 жылы жөндеу жұмыстарымен қамтылған жол учаскелерінің саны 2,5 есе артты. Мәселен, бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 361 шақырымды құрайтын 28 учаске жөндеу жұмыстарымен қамтылып отыр. Бұл – рекордтық көрсеткіш. 

Жөндеу жұмыстарымен қамтылған учаскелердің бір бөлігі келесі жылы қолданысқа берілетінін атап өткен жөн. Қазір республикалық маңызы бар "Екатеринбург - Алматы" күре жолындағы төрт учаске (1211-1231, 1160-1197, 1078-1084, 950-960 шқ); сондай - ақ "Астана-Петропавл" күре жолының  Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейінгі учаскесі, “Жақсы-Есіл-Бұзылық” күре жолының учаскесі жөнделді. Сонымен қатар, "Жезқазған-Петропавл" күре жолының Державинск қаласынан Уәлиханов ауылына дейінгі (Арқалық қаласы бағытында) жалпы ұзындығы 36 шақырымды құрайтын проблемалық учаскесі орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылып отыр.

Өңір тұрғындарының өтінішіне сәйкес күре жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін Талапкер, Төңкеріс, Астраханка, Зеренді, Сандықтау елді-мекендеріне қарасты 20 шақырым жарықтандырылып, 14 жаңа бағдаршам орнатылмақ (6 бағдаршам орнатылып, пайдалануға берілді).  Сондай – ақ, мердігер ұйымдар ұзындығы 32 шақырым болатын қар ұстайтын қоршаулар мен 15 шақырымға жуық үй жануарларының жолға шығып кетуін болдырмауға арналған арнайы қоршаулар орнатады ("Астана - Павлодар" және "Щучинск-Көкшетау" а/ж).

Жоғарыда аталған іс-шаралар Ақмола облысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық автожолдардың көрсеткішін 88% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2347 шақырымды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы