Ақмола облысының тұрғынынан 22 млн теңгеге жуық құжатсыз темекі тәркіленді

3 Қараша 2022, 11:01
901
Бөлісу:
Ақмола облысының тұрғынынан 22 млн теңгеге жуық құжатсыз темекі тәркіленді

Ақмола облысының тұрғыны тиісті құжатсыз және сертификатсыз темекі сатумен айналысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол темекі өнімдерін өңір аумағында сатқан. 

Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Р.Э. Гүлиев деген азамат тауардың сапасы мен шығу тегін растайтын құжаттарсыз темекі өнімін сатып алып, оны Астанада «Әмір» базарының аумағында, контейнерде сақтап, Ақмола облысының Ақкөл қаласында жалпы сомасы 775 000 теңгеге тауар сатып үлгерген. 

Контрафактілі темекі бұйымдары бар автокөлік тауарды Астанадан Ерейментау қаласына дейін тасымалдау кезінде ұсталды, жоспар бойынша оны бөлшек сауда дүкендері арқылы өткізбек болған. Көлікті тексеру барысында жалпы саны 34 500 қорап темекі бұйымдары табылып, тәркіленді, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Өңірлік МКД қорытындысына сәйкес, тәркіленген 37 150 қорап акцизделуге тиіс темекі өнімдерінің жалпы құны 22 млн теңгеге жуық сома.

Сот үкімімен Р. Э. Гулиевке 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы