Ақмола облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды

13 Қараша 2024, 21:29
370
Бөлісу:
Ақмола облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Ерейментау ауданының прокуратурасымен кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл прокуратураның бастамасымен ҚК-нің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қаскөй борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Осылайша, борышкер бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған үш баланың пайдасына 1,7 млн теңгеден астам алимент төлеуден жалтарған. Сотта мемлекеттік айыптаушы борышкердің кінәсін толық дәлелдеді. 5 қарашада сот қаскөй борышкерге пробациялық бақылау белгілей отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағай ындау туралы үкім шығарды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, прокуратураның бастамасымен 4,2 млн теңге қарызы бар басқа борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар, Ерейментау ауданы прокуратурасының шараларымен кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 1,5 млн теңгеден астам сомаға алимент өндірілді.

Аудан прокуратурасымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды қабылдау жалғастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы