Ақмола облысының прокуратурасы кезекті инвесторға көмек көрсетті

19 Қаңтар 2024, 17:33
348
Бөлісу:
Ақмола облысының  прокуратурасы кезекті инвесторға көмек көрсетті
Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фронт-офис базасында прокурорлар инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер ұйымдастырады.

Осы жұмыс аясында прокурорларға «Rubber Technical Items» неміс инвесторы жүгінді, ол автомобильдер мен ауылшаруашылық техникаларына арналған қосалқы бөлшектер шығару жобасын жүзеге асыруда.

Оны іске асыру кезінде инвестор фискалдық орган тарапынан проблемаға тап болған.

Салық органы кедендік тексеру нәтижелері бойынша 25 млн теңге кедендік баж, ҚҚС және өсімпұл есептегені анықталды.

Қосымша есептеу үшін тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарда кейбір деректердің болмауы негіз болған.

Өз кезегінде инвестор қажетті деректер жетіспейтін тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың нұсқаларын ұсынған.

Осыған қарамастан, салық органы оларды ескермеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кедендік тексеру қорытындылары бойынша негізсіз қосымша есептелген сома жойылды.

Инвестициялық жобаны сүйемелдеу жалғасуда және облыс прокуратурасы басшылығының бақылауында.

Бизнесті тиісінше қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ және CALL-орталық жұмыс істейтінін еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы