Ақмола облысының полицейлері бопсалаушының жолын кесті

1 Наурыз 2023, 18:07
622
Бөлісу:
Ақмола облысының полицейлері бопсалаушының жолын кесті
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері бопсалаушының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Ақмола облысында ҰҚҚКБ қызметкерлері Бурабай ауданы тұрғынының жастардан жүйелі түрде ақша бопсалаған қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті Дәлелдемелік базаны жинау және жәбірленушіні қылмыс үстінде ұстау үшін полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары, оның ішінде арнайы іс-шаралар өткізілді. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер Бурабай ауданының бұрын сотталған тұрғынын ұстады. 

Ол жастар арасында беделін пайдаланып, бопсалау және дене жарақатын салу қаупін төндіру арқылы ақша бопсалаған. 

25 жастағы ақмолалық жәбірленушілерді мобильді қосымшалар арқылы “онлайн – несиелер” рәсімдеуге мәжбүр етіп, кейін ақшаны өзіне алған. 

Залал сомасы 250 мың теңгеден 1,4 млн теңгеге дейін болған. Бүгінгі таңда Щучинск қаласында және Көкшетауда осындай төрт факт орын алғаны туралы белгілі болды, жәбірленушілердің жазбаша түсініктемелері алынды.

 Айта кету керек, жәбірленушілер арасында облыс орталығынан жеке кәсіпкер де бар, одан күдікті қоқан-лоқы көрсету арқылы 1,4 млн теңге бопсалаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде  ҰҚҚКБ қызметкерлері ұсталған адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен басқа азаматтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Тергеу кезеңінде жәбірленуші ұсталып, қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы