Ақмола облысының әскери бөлімдерінде дауыс беру аяқталды

20 Қараша 2022, 18:34
1023
Бөлісу:
Ақмола облысының әскери бөлімдерінде дауыс беру аяқталды

Ақмола облысындағы төрт әскери бөлімде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. 

Командирлері мүмкіндігінше ертерек дауыс беруді сұраған төрт әскери бөлімге дауыс беруді сағат 06.00-ден бастауға рұқсат етілді. Ондағы учаскелер өз жұмыстарын аяқтап үлгерді. Бұл туралы Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов хабарлады. 

Ақмола облысында барлығы 517 031 сайлаушы және 717 учаске тіркелген. Олардың ішінде тұрақты тіркелген жері бойынша 693 учаске және 24 уақытша (ауруханалар, тергеу изоляторлары, әскери бөлімдер) учаскелер бар.

«Дауыс беру сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, бірақ заң бойынша біз дауыс беруді бір сағат бұрын бастауға рұқсат берілді. Бізде Атбасар, Аршалы, Степногорск, Көкшетауда төрт әскери бөлім бар. Командирлер бізге қарауылдың ауысуы болғандықтан ертерек дауыс беруге рұқсат сұрады. Біз қаулы қабылдап, рұқсат бердік, олар сағат 06.00-ден бастап дауыс бере бастады. Әскери бөлімдердегі учаскелер қазірдің өзінде жабылды. Уақытша учаскелер 20.00-ге дейін, тізімде көрсетілген барлық адамдар дауыс бергеннен кейін жабылуы мүмкін», - деп бөлісті Манарбек Сәдуов.

Оның айтуынша, өтіп жатқан сайлауда бірнеше жаңалық бар.

«Егер біз бұрын төлқұжат немесе куәлік талап етсек, биыл біз сандық құжатты да қабылдаймыз. Мұны egov және бірқатар банктер арқылы жасауға болады. ОСК бастамасы бойынша бізде облыс бойынша ХҚКО желісі бойынша ашылған 173 сервистік орталық бар. Егер сайлаушы келсе, бірақ ол тізімде жоқ болса, онда біз оның ЖСН-ін тексеріп, бюллетень береміз, адамдар арлы-берлі жүгірмейді. Ал егер ол адам мүлдем тіркелмеген болса, онда бес учаске – сайлау учаскесінде адамдарды тіркейтін шағын ХҚКО жұмыс істейді. Тұрғындардың барлығы дауыс беруге құқылы», - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы