Ақмола облысының әкімі нан бағасын арзандатуды тапсырды 

18 Қаңтар 2022, 20:13
1616
Бөлісу:
Ақмола облысының әкімі нан бағасын арзандатуды тапсырды 

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапары барысында «Ақсай-Нан-Көкшетау» нан комбинатына барды. Аймақ басшысы кәсіпорын басшылығына нан бағасын төмендету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. 

Облыс әкімі өндіріс үдерісімен және шығарылатын өнім ассортиментімен танысты. «Ақсай-Нан-Көкшетау» нан-тоқаш комбинаты Ақмола филиалы еліміздің нан өндіру саласында 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын нан-тоқаш, кондитерлік және кептірілген нан өнімдерін шығарады. Өндірістік қуаты тәулігіне 4-5 тонна.

Біз тәулігіне 130-ға жуық нан өнімдерін шығарамыз. Әр жолы ассортиментті көбейтуге тырысамыз. Цехта бедерлі батондар, пірәндік пен печенье, ойық тоқаштар, басытқы қытырлақтарға қоса, диеталық және емдік-профилактикалық сипаттағы өнімдер шығарылады. Кәсіпорын іргесінде фирмалық арнайы дүкені де жұмыс істеп тұр. Қосымша пайдалы ингредиенттері нан өнімдері сатып алушылар арасында кеңінен танымал. Қара бидай ұнын, жаңғақтар, кептірілген жемістер, шекілдеуіктер сатып алдық» – деп түсіндірді «Ақсай-Нан-Көкшетау» нан комбинатының директоры Сәуле Соболевская. 

«Ақсай-Нан-Көкшетау» нан комбинатының жұмысшыларымен әңгіме барысында Ермек Маржықпаев еңбек жағдайын, жалақы жайын сұрап білді.

Кәсіпорын отандықөндіріс шикізатымен жұмыс істейтін алдыңғықатарлы кәсіпорындардың бірі. Қазір мұнда 125 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 119 мың теңгені құрап, 30 пайызға өсті. Бұл ұйымшыл ұжымның қалыптасуына септігін тигізді, - деп атап өтті кәсіпорын директоры. 

Өңір басшысы  кәсіпорын басшылығына әлеуметтік нанды төмендетілген бағамен қайтару мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Сіздердің өнімдеріңіз ақмолалықтар арасында танымал. Көптеген тұрғындар, әсіресе ата-әжелер «Ақсай нан» өнімін тұтынатынын білемін. Бұл аймақтағы ең танымал бренд. Мен зейнеткерлер және еңбек ардагерлерімен жиі кездесемін. Тұрғындардың өтініші – нанды сәл төменбағамен сатып алу, - деп атап өтті Ақмола облысының әкімі.

Нанға қатысты жиі сөз болатын жағдай оның салмағының да талапқа сай болуы. 

Біздің басты мақсатымыз – халықтың көңілінен шығу. Сондықтан тұтынушымызды жоғалтпау мақсатында мұндай қателіктердің орын алмауын қатаң қадағалаймыз. Осы уақытқа дейін нан салмағына қатысты шағым түсіп көрген жоқ. Күнделікті әрбір бригаданың наны таралымға кетпес бұрын өндірістік және микробиологиялық зертханаларда салмағы мен сапасы жағынан қатаң тексеруден өтеді. Нанның дәмі, қышқылдығы, ылғалдылығы арнайы рецептімен реттестіріледі. Бұған озық технология, жақсы жабдықтар арқылы қол жеткізіледі, – деп нақтылады кәсіпорын директоры Сәуле Соболевская. 

Өзгелердің жаңалығы