Ақмола облысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 22:24
Бүгiн 2026, 22:24
152
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 4 мамыр күні «Астана–Щучинск» автожолының 126-шақырымында «Лада 2110» автокөлігінің қатысуымен апат болған. Алдын ала деректер бойынша, жүргізуші көлік басқаруына ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.

Жол апаты салдарынан автокөліктегі жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екінші жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды. Әсіресе, қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде жылдамдықты шектен асырмау және көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.

Наверх