Ақмола облысында жеке тұрғын үйден өрт шықты

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

27 Қараша 2026, 22:24
АВТОР
 ТЖМ баспасөз қызметі 27 Қараша 2026, 22:24
27 Қараша 2026, 22:24
72
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Ақмола облысының Шұбар ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жедел жетті.

Өрт 60 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр сымдарын монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған.

Наверх