Ақмола облысында жасөспірім қыз суға батып кетті

2 Маусым 2023, 22:01
696
Бөлісу:
Ақмола облысында жасөспірім қыз суға батып кетті

Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім қыз суға батып кетті. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға маусымның 1-де Целиноград ауданы аумағындағы Есіл өзінде болған.

Белгілі болғандай, суға батқан жасөспірім Целиноград ауданына төрт адамнан тұратын биші қыздар құрамында келген. Талапкер және Нұра-Есіл ауылдары арасында Есіл өзеніне шомылған. Полиция қызметкерлері сот-медициналық сараптама тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деді ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы