25 тамызында «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылында салтанатты түрде өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, пункт «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылған.
Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Жарақта өрт сөндіру автомобилі тұрады, сондай-ақ, тәуліктік жауынгерлік кезекшілікке жеке құрамнан төрт адамы кірісті. Бекет 4 мыңнан астам халық тұратын Еркіншілік ауылдық округінің төрт елді мекені – Еркіншілік, Еңбек, Ақсуат, Елтай ауылдары, сондай-ақ, іргелес дала алаптарын қорғайтын болады.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдық округтер мен жалпы аудан тұрғындары үшін техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді кепілі болатыны сөзсіз. Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлеріне төтенше жағдайларға жедел ден қоюды, ал ауыл тұрғындарына мықты денсаулық, жұмыста табыс және амандық тілеймін!, – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.
Айта кету керек, Ақмола облысының елді мекендерін өрттен қорғауды қамтамасыз ету аясында, сондай-ақ, кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына сәйкес жыл басынан бері Целиноград ауданының Қараөткел ауылында және Есіл ауданының Московский ауылында екі өрт бекетінің жоспардан тыс ашылуы өтті, бұдан басқа, 2025 жылға дейін бес бекеттің ашылуы жоспарланған. Өрт сөндіру бекеттерін ашу бойынша жұмыс тұрақты бақылауда және әрі қарай жалғасын табатын болады.