Ақмола облысында жаңа автокөліктер тиелген автовоз аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші зардап шегіп, бес көлік механикалық зақымданды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.
Апат 25 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 300-шақырымында, Перекатное ауылының маңында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Ақмола облысында жаңа автокөліктер тиелген автовоз аударылып, жүргізуші зардап шекті. Жүк көлігі тасымалдап бара жатқан бес көлік механикалық зақымданған. Бұл туралы өңірлік Полиция департаменті хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 25 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 300-шақырымында, Перекатное ауылының маңында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
FAW маркалы автовоздың жүргізушісі рульге ие бола алмай, салдарынан көлік жол жиегіндегі орға аударылған, – деп мәлімдеді полиция.
Жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кетуі мүмкін. Алайда полиция бұл нұсқаны әзірге растаған жоқ.
Автовозбен Қытайда өндірілген жеті пикап тасымалданған. Полицияның мәліметінше, олардың бесеуі механикалық зақым алған.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде түпкілікті шешім қабылданады.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтауға, сондай-ақ жолда барынша мұқият болуға шақырды.