Ақмола облысында жалған жанармай талондарын жасау фактілері анықталды

3 Қазан 2023, 09:37
660
Бөлісу:
Ақмола облысында жалған жанармай талондарын жасау фактілері анықталды

Ақмола облысында полицейлер жалған жанармай талондарын жасау фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

29 қыркүйек күні Жамбыл облысы Шу қаласының 49 жастағы тұрғыны Бурабай ауданының полиция бөліміне жүгініп, алаяқтық фактісі туралы хабарлады. Жәбірленуші Астана – Петропавл автожолының 197-шақырымында белгісіз ер адам алдау арқылы өзіне тиесілі ақшалай қаражатты иемденгенін айтты. 

Оның айтуы бойынша, алаяқ оған 400 литр ЖМҚС-ның жалған талонын сатқан. Залал сомасы 90 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Өзгелердің жаңалығы