Ақмола облысында тұтанған құрғақ шөп өрті сөндірілді

22 Шілде 2023, 20:15
612
Бөлісу:
Ақмола облысында тұтанған құрғақ шөп өрті сөндірілді
Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

21 шілдеде сағат 16.32-де Степногорск қаласының Азат ауылы ауданында 400 га алаңда құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылдарының, уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 19.30-да оқшауланып, сағат 21.30-да сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өртті сөндіруге Ақмола облысының орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдарының және ТЖД күштері мен құралдарынан 39 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Ақмола облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы