Ақмола облысында төрт айда 558 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылды

8 Маусым 2023, 14:40
514
Бөлісу:
Ақмола облысында төрт айда 558 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылды
Фото: ortcom.kz

Биыл Ақмола облысында өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 558 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жалпы, соңғы үш жыл бойы еліміздегі өңірлер бөлінісінде біз әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша алдыңғы қатардамыз. Атап айтқанда, өнеркәсіпте өсім 115, пайызды құрады. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 115,3 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 5,4 пайызға, негізгі капиталға инвестициялар – 19 пайызға өсті, - деп атап өтті өңір басшысы.

Сондай-ақ ол инфляция деңгейіне де тоқталды.

Инфляциия деңгейі 4,3 пайызды көрсетсе, жалақы 21,7 пайызға өсіп, орташа 273,8 мың теңгеге жетті. Биыл облыс экономикасы әлі де тұрақты екенін растағым келеді. Өткен жылы жақсы қарқын алған салалар өсуін жалғастыруда, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар биыл төрт ай ішінде өнеркәсіп саласында жоғары қарқынға қол жеткіздік деп отыр.

Өнеркәсіп өнімін шығару 558 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Әсіресе өңдеу өнеркәсібінде өндіріс индексі 115,3 пайызды, кен өндіру саласында 122,6 пайызға тең болды. Металлургия, машина жасау, азық-түлік өнімдерін өндіру салаларында өсу деңгейі байқалды, - деді Ермек Маржықпаев.

Өзгелердің жаңалығы