Ақмола облысында теміржол бойына тұз қышқылы төгілді

26 Мамыр 2024, 23:50
267
Бөлісу:
Ақмола облысында теміржол бойына тұз қышқылы төгілді
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысында теміржолдың бойында жүк цистернасынан тұз қышқылы төгілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар тұз қышқылының төгілуін жойды.

Аршалы ауданының Сарыоба станциясында жүк цистерналардың бірінен тұз қышқылының төгілуі орын алды. Ағып кетуге пайда болған жарық себеп болған. Облыстық және аудандық штаб дереу орналастырылды. Қауіпті жүгі бар Цистерна негізгі құрамнан ажыратылған. Өтініш бойынша алдын ала 3 адам эвакуацияланды, - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, Ақмола облысы және Астана қаласы ТЖД құтқарушылары ағуды жойды. Қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай Ақмола облысының ТЖД бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы