Ақмола облысында «Сарыға лақтыр» акциясы басталады

19 Шілде 2023, 17:54
824
Бөлісу:
Ақмола облысында «Сарыға лақтыр» акциясы басталады
Фото: Қазақстанның Экологиялық Қоры

Қазақстанның Экологиялық қоры Қазақстан лагерьлерінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау науқаны басталғанын хабарлайды, деп жазады BAQ.KZ. 

Ол балалардың назарын экология тақырыбына аударуға, табиғат ресурстарына ұқыпты қарауға және қалдықтарды бөлек жинау тақырыбымен таныстыруға бағытталған.

Іс-шараны Қазақстанның Экологиялық Қоры Астана қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығымен бірлесіп «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балалар үшін қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасын іске асыру шеңберінде өткізіп отыр.

Акция аясында биыл 19 шілдеде Ақмола облысы, Ақкөл ауданындағы «Арман» және «Боровичок» балалар лагерінде тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі. Осында балаларға пластикті пайдалана отырып, экологиялық кәдесыйлар дайындау бойынша шеберлік сабақтар мен экологиялық тренингтер мен викториналар өткізілді.

Ақмола облысында «Сарыға лақтыр» акциясы басталады

Сонымен қатар балалар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Қазақстанның флорасы мен фаунасы туралы дәрістерді тыңдауға мүмкіндік алды.

Қазақстанда бір адамға жылына 100 кг-ға дейін қалдық келеді. Олардың көп бөлігі полигондарда орналасқан. Оларда қоқыс бірнеше жүз жыл бойы ыдырайды немесе күйіп, топырақты, атмосфераны, су ресурстарын ластайды. Қалдықтарды бөлек жинау барлық тұрмыстық қалдықтардан қайта өңдеуге және қайта пайдалануға жарамды пайдалы материалдарды шығару үшін қажет. Біз лагерьлерде балалар пластикалық қалдықтарды жинай алатын сары контейнерлер орнатылатын арнайы аймақтарды анықтадық. Енді пластик жиналғаннан кейін біз балаларға оларды қалай қайта пайдалануға болатынын көрсеткіміз келеді, - деді Қазақстанның экологиялық қорының экологиялық жобаларының үйлестірушісі Камарья Жазбаева.

Эко-шараның соңында балалар өткен күн туралы шағын эссе жазып, дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

Осы экологиялық науқанның арқасында балалар қалдықтарды сұрыптау қажеттілігі туралы көбірек білуде. Сонымен қатар олар өз айналасында экологиялық аймақ құруды, тауарлар мен қызметтерді орынсыз тұтынуды азайтуды үйренді, - дейді Қамария Жазбаева.

Еске салайық, өткен жылдың өзінде 3,8 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдық жиналған. 

Өзгелердің жаңалығы