Ақмола облысында пойыз 32 жылқыны қағып кетті

27 Ақпан 2023, 17:04
1064
Бөлісу:
Ақмола облысында пойыз 32 жылқыны қағып кетті
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ  polisia.kz сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 ақпанда Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың жайылып жүргеніне байланысты шұғыл тежегішті басқан. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмай, салдарынан пойыз 32 жылқыны қағып кетті.

Пойыз 50 минут тоқтап тұрған.

Теміржол аумағында жылқылардың жайылуына жол берген Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Малдың қалған иелері – осы ауылдың тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді.

ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы