Ақмола облысында кәсіпкерлердің шотына заңсыз шектеу қойылған

25 Қараша 2023, 16:40
493
Бөлісу:
Ақмола облысында кәсіпкерлердің шотына заңсыз шектеу қойылған

Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлердің банктік шотына заңсыз шектеу қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Салық органы камералдық бақылау кезінде заң бұзушылықтарға жол беріп, кәсіпкерлерге 71 млн теңгенің салығын төлеу туралы хабарлама жіберген.

Салық органы Салық кодексінің 96-бабының ережелеріне қарамастан, кәсіпкерлерге хабарламалар жіберген, сондай-ақ камералдық бақылау бекітілген рәсімдерсіз жүргізілген, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Салдарынан кәсіпкерлерге қосымша декларация тапсыру міндеті жүктеліп, құқығы шектелген. Тіпті олардың қызметін тоқтатқан.

2022-2023 жылдары банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 65 заңсыз шешім шығарылған.

"Прокуратура актісі бойынша бұл шешімдердің күші жойылды, 65 кәсіпкердің құқы қорғалды. Ал кінәлі қызметкерлер жауапкершілікке тартылды", - дейді прокурорлар.

Өзгелердің жаңалығы