Ақмола облысында екі бала иіс тиіп, көз жұмды

12 Тамыз 2022, 00:50
1598
Бөлісу:
Ақмола облысында екі бала иіс тиіп, көз жұмды

Ақмола облысының Жаңа Қима кентінде бір үйдің 3 және 5 жасар екі баласы иіс тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Балалардың әкесі жұмыста, ал анасы сол кезде дүкенге кеткен екен. Өрт сөндірушілердің айтуынша, оңаша қалған бүлдіршіндер үй ішінде шырпымен ойнап, от тұтатқан. Үйдің ішін қою түтін жайлаған кезде көршісі терезеден байқап, балаларды сыртқа алып шыққан. Қос сәби жедел ауруханаға жеткізілгенімен, ес жимастан көз жұмды.

Түтінді көрген көрші өрт сөндіру қызметіне хабарлап, терезені сындырып, балаларды таза ауаға шығарған. Оқиға орнына жеткен департамент қызметкерлері анасымен бірге дереу қыздарды Қима аудандық ауруханасына жеткізді. Өкінішке қарай, балалар медициналық мекемеде ес жимастан қайтыс болды, – деді Ақмола облысы ТЖД МӨБ басқармасының басшысы Думан Далешов.

Өзгелердің жаңалығы