Ақмола облысында бір күнде үш орман өрті тіркелді

Мамандар аптап ыстық кезінде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

11 Тамыз 2026, 22:21
АВТОР
 Экология және табиғи ресурстар министрлігі 11 Тамыз 2026, 22:21
11 Тамыз 2026, 22:21
124
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бүгін, 11 тамызда Ақмола облысында үш орман өрті тіркелді.

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман мекемелерінің күштері мен құралдары, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе десанттары және су төгетін құрылғымен жабдықталған тікұшақ жұмылдырылды.

Өрт ошақтары әуе патрульдеуі мен өртті ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталған. Қажетті күштер мен техника оқиға орнына жедел жеткізіліп, өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді.

Мамандар аптап ыстық кезінде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Наверх