Ақмола облысында аштан қырылған жылқы саны артты

1 Наурыз 2024, 04:21
425
Бөлісу:
Ақмола облысында аштан қырылған жылқы саны артты
Фото: baq.kz

Ақмола облысында аштан қырылған жылқы саны 200-ден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір төрт аудандағы жағдай күрделі. Шаруалар қыстақтағы малын ауылға жеткізе алмай жатыр. Себебі жол жоқ. Белуардан келетін қалың қар жаңбырдан кейін қатып қалған. Әбден ашыққан мал көтерем болып, құлап жатыр. Биелер құлын тастап, төл баси кеми түскен. Ал қынадай қырылған жылқылардың аурудан емес, аштан өлгенін жауапты сала мамандары да жасырмайды.

Аурудың ешқандай белгісі жоқ. Мал аштан қырылып жатыр. Оны сараптама жүзінде дәлелдеп бере аламыз. Мал аштан қырылып жатыр. Қарындарында қардан басқа ештеңе жоқ, сойғанда, - дейді ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов.

Өзгелердің жаңалығы