Ақмола облысында 400-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылды

10 Маусым 2023, 12:28
846
Бөлісу:
Ақмола облысында 400-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

Биылғы жылдың 5 айында Ақмола облысында 451 шетелдік азамат ҚР азаматтығынан айырылды,деп хабарлайды BAQ.KZ. Polisia.kz сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары заңға сәйкес ҚР азаматтығында тұрған және сол уақытта шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам, оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті екендігін еске салады. 

Мәселен, жыл басынан бері өңірде 451 шетелдіктің азаматтығынан айырылуы тіркелді. Өңірде мамыр айында заңда белгіленген мерзімде басқа мемлекеттің азаматтығын алу дерегі туралы хабарламаған азамат анықталды. 35 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Естеріңізге сала кетейік, ҚР конституциясының 10-бабының 3-тармағына және (Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы), сондай-ақ 3-бабына сәйкес, Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын мойындамайды.

Яғни шетелдік азамат бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды. Азаматтық саласындағы заңнаманы бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады немесе оны Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып жіберуге құқылы. 

Қазақстан азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін пайдалануы жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Өзгелердің жаңалығы