Ақмола облысында 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады

12 Ақпан 2022, 14:47
2111
Бөлісу:
Ақмола облысында 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде жұмыс істемейтін, кәсіби білімі жоқ NEET санатындағы жастар санын азайту мақсатында 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. 

Статистика бойынша өңірде белсенді жұмыс күші ретінде 418 мың азамат тіркелген. Олардың 398 мыңы жұмыспен қамтылған. Жалпы, өткен жылы29 мыңнан астам азамат үкіметтік, жекеменшік, мемлекеттік бағдарламалармен қамтылды, олардың 6 мыңға жуығы жастар.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатындар үшін биыл төлем мөлшері 30АЕК-ке көбейтілді. Президент Қ.К.Тоқаев ЖОО, колледж түлектері үшін Жастар тәжірибесінің ұзақтығын (29 жасқа дейін) 6 айдан 12айға дейін ұзартуды, төлем мөлшерін 30 АЕК-ке (91890 теңге) дейінарттыруды тапсырды.

Аймақтық модельдік карта аясында 10мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оған 9 жоба кіреді: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны және басқалар. Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Ақмола облысы бойынша15-28 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар саны 11470 адам. Алайда, бұл санға декреттік демалыста жүрген жас аналар, маусымдық жұмысшылар және мүгедек адамдар кіреді. Аудандық жастар ресурстық орталықтары жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша олардың нақты саны 2421адам, – деп хабарлады Алтынай Әміренова.

Оның айтуынша, облыстық ішкі саясат басқармасы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнеәлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, жастар ресурстық орталығымен бірлесіп осы санаттағы жастарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Биыл жастар ресурстық орталығы 94 жас адамды жұмыспен қамтып, 416 адамға кеңес берді. Мәселен, орталық психологтары пандемия кезінде жастарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне психологиялық көмек-қолдау көрсетті.

Өткен жылыішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу және есірткіге тәуелді азаматтарды, оның ішінде жастарды қолдау орталығын ұйымдастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізді. Биылғы жылы бұл жұмыс жалғасатын болады: Президент тапсырмасы бойынша NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтендіру, оқыту мәселелері бойынша нақты жұмыс жүргізіледі. Биыл толық емес және көп балалы, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларды оқыту үшін облыс әкімінің атаулы стипендиясы ұлғайтылатын болады. Атаулы стипендия шеңберіндегі мамандықтар сақталатын болады, - деп толықтырды Алтынай Әміренова.

Біліктілігі мен тәжірибесінің жоқтығынан негізінен қосалқы шаруашылыққа тартылған ауыл жастарының, мектептен кейін оқуын жалғастырғысы келетін, бірақ мүмкіндігі жоқ аз қамтылған отбасы балаларының проблемаларын шешу мәселесі де қарастырылған.

Мемлекет тарапынан ауқымды және әртүрлі көмек көрсетілуде. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен алғашқы жұмыс орындарын құру туралы шарттар жасасатын болады. Өзін жақсы көрсеткен жас маман жұмысын жалғастыра алады және қысқамерзімде оқи алады. Жастар тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтердің әкімдіктеріне және жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге тиіс. Президент тапсырмасы бойынша гранттар 200-ден 400 АЕК-ке дейін ұлғайтылады. Жастар «Бастау бизнесте» кәсіпкерлік негіздерін оқып, өтеусізнесие алып, өз ісін аша алады. «Жас Отан», жастар ресурстық орталығының өкілдері әр ауданда жұмыссыз жастар мен көмекке мұқтаж жастардың нақты санын анықтауы керек деп санаймын. Аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен нақты жұмыс жүргізілуі тиіс, - деп түсіндірді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.

Оның айтуынша, өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждеріндегі ахуалды талдай отырып, техникалық мамандықтары бар түлектер жеткілікті және олардың барлығы жұмыспен қамтылған. 

Алайда еңбек нарығына  инженерлер, коммуналдық қызмет жұмысшылары қажет. Гуманитарлық мамандықтар бойынша өңірдегі ЖОО түлектерінің шамамен 70%-ымамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Жастардың табысқа жетіп, аяққа тұрып кетуінің жақсы мысалдары аз емес. Мысалы, ауылдық жерлердегі жас аналарға өзісін ашуға өтеусіз несиелер беріледі. Негізінен мұндай әйелдер кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады және шағын бизнеспен айналысады. Егер адам қаласа, ол жұмыс істейді. Өкінішке қарай, алынған гранттармен несиелерді дұрыс мақсатқа жұмсамайтындар да бар, – дейді басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы