Ақмола облысы мен СҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты 9 жол учаскесі жабылды

23 Қазан 2022, 06:22
1490
Бөлісу:
Ақмола облысы мен СҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты 9 жол учаскесі жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында сағат 22:30-дан бастап 6 жол учаскесі жабылды, атап айтқанда, негізінен, Көкшетау қаласынан шығатын жолдар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық маңыздағы автокөлік жолдарының ұлттық операторы мәліметінше, қазір төменде көрсетілген жол учаскелері жабық тұр:

  • Астана - Петропавл тас жолының 304-341-ші шақырымдағы аралығы
  • Көкшетау - Рузаевка тас жолының 0-61-ші шақырымдағы аралығы
  • Көкшетау қаласының айналма жолының 0-18-ші шақырымдағы аралығы
  • Көкшетау - Омбы тас жолының 2-50-ші шақырымдағы аралығы
  • Көкшетау - Атбасар тас жолының 0-48 шақырымдағы аралығы
  • Астана - Петропавл тас жолының 231-304 шақырымдағы аралығы (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаске)

Қар тазалау жұмыстарын жедел атқару үшін 18 арнайы техника жұмысқа кіріскен.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан өңірінде де сағат 22:50-ден бастап бірқатар жол учаскелері жабылды:

  • Астана - Петропавл тас жолының 34 -392-ші шақырымдағы аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Рощинское ауылына дейін)
  • Көкшетау - Рузаевка тас жолының 61-196-шы шақырымдағы аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін)
  • Көкшетау - Омбы тас жолының 50-85-ші шақырымдағы аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Чекалов ауылына дейін )
Өзгелердің жаңалығы