АҚДМ басшысы ардагер Раиса Егоровнаны құттықтады

8 Мамыр 2022, 16:29
2011
Бөлісу:
АҚДМ басшысы ардагер Раиса Егоровнаны құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіс күнінің қарсаңында, министр Асқар Умаров Ұлы Отан соғысының ардагері Раиса Егоровна Сафоничеваны құттықтады. 

1944 жылы 4 наурызда ол өз еркімен майданға аттанып; Будапешт маңындағы Бессарабия, Румыния, Венгрия үшін шайқастарға қатысып, Жеңіс Күнін қарсы алды. 

Соғыстағы ерлігі үшін Раиса Сафоничева "ІІ дәрежелі Отан соғысы" орденімен, "Украинаны азат еткені үшін" медалі, "Германияны жеңгені үшін" медалі, Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі және басқа да 9 түрлі мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

1980 жылы ол құрметті демалысқа шығып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, Ардагерлер қозғалысының дамуына үлкен үлес қосты. 

Асқар Қуанышұлы ардагерге майдандағы ерлігі үшін үлкен алғыс білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт заман тіледі. 

Сонымен қатар, жүздесу барысында министр Нұр-Сұлтан қаласының "Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі" қарияларға жасалған жағдай мен мүмкіндіктерді көріп, оның тыныс-тіршілігімен танысты.

Өзгелердің жаңалығы