Ақбөкендер санын қалай реттеу керек? – Ғалымдар пікірі

23 Қаңтар 2024, 18:13
1078
Бөлісу:
Ақбөкендер санын қалай реттеу керек? – Ғалымдар пікірі
Фото: Егемен Қазақстан

«Байтақ» жасылдар партиясы «Буаз ақбөкендерді өлтіруге жол жоқ. Мәселені шешу жоспарлары» тақырыбында баспасөз-конференциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның кең байтақ даласында бөкендердің ең таңғажайып және өте сирек кездесетін түрі - ақбөкендер мекендейді. Қазақ сахарасының ботагөзі саналатын бұл киелі жануар Қазақстаның мәдениеті мен табиғатының ажырамас бір бөлігі саналады. Алайда, айтарлықтай ерекшеліктеріне қарамастан олар өздеріне қауіп болып төнетін маңызды мәселелерге тап болып жүр.

2022 жылғы шілдеде экология министрлігі 80 мың бас ақбөкенді популяциядан алып тастау туралы шешім қабылдады, ал биыл министрлік атылатын ақбөкендердің басын 400 мыңға жеткізу туралы шешім қабылдап отыр.

География ғылымдарының кандидаты Қажымұрат Ахмеденовтің айтуынша, кеңес заманы кезіндегі ақбөкендерді аулаумен айналысуда оның еті ғана емес, былғары өндірісінде материал ретінде терісі де қайта өңделетін болған.

Мүйіздері экспортқа шығарылса, сабын жасау үшін майынан техникалық май дайындалған. Етінен консервілер әзірленген. Ал қазір бұл істе тек ет өндірісі ғана жүзеге асырылмақшы. Жалпы, ақбөкендерді адам реттей алады, бірақ бұл үшін бұрын-соңды болмаған халықаралық деңгейдегі кем дегенде үш жылдық ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Егер аталған реттеуді ғылыми деректерсіз жүргізсек, бірден қиындықтарға тап боламыз, - деп айтты ғалым.

Биоалуантүрлілік және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін тереңірек зерттеу мақсатында қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясы партия жанынан ғалымдардың сараптамалық кеңесін құрмақ.

Алдағы мәселелердің бірі - табиғи ортаның жоғалуы. Ауылшаруашылық жерлері мен адам инфрақұрылымының кеңеюі ақбөкендердің қоректенуіне қажетті жайылымдардың азаюына әкеліп соқтыруда. Бұл бөкендерді жергілікті тұрғындармен қақтығыстарға әкелетін жаңа мекендеу орындарын табуға мәжбүрлейді.

Батыр Сейкеновтың айтуынша, бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдай бойынша министрлік буаз ақбөкендерді атуға рұқсат беріп отыр.

Желтоқсанда бөкендердің жұптасу кезеңі өтетіндігін, ал қаңтар айында аналықтардың төлдейтіндігін барлығымыз жақсы білеміз. Қарап отырсақ, әлемнің кез келген жерінде буаз аңды аулауға рұқсат етілмейді екен. Бізде неге осындай шешім қабылданғандығы белгісіз?! Ауылдарда жергілікті халық ақбөкендерді атуға қарсы шығауда, өйткені, олардың айтуынша, "ащы суға" тойып алған аңшылар дала жануарларын варварлық жолмен қырып-жоюға жол берген. Ауыл тұрғындары алға тартқан жағдайдан кейін далалық жерлерде атылған ақбөкендердің өлекселері қаптап кеткен. Бұл бассыздықты тоқтату керек. Аталған фактілердің барлығы құқық қорғау органдарына берілетін болады. Буаз ақбөкендерді ату арқылы біз елдің имиджіне үлкен нұқсан келтірдік. Ақбөкен-Қазақстанның символы, оған бұлай қарауға болмайды. Бұл мәселе тек заң аясында реттелуі керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы