«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса және Мәжіліс пен жергілікті маслихатқа үміткерлер бастаған «Ақ жол» демпартиясы республикалық штабының мүшелері Алматы қаласының еңбек ұжымдарымен бірнеше кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәселен бүгін тамақтану саласындағы ірі бірлестік саналатын «Евразиян фудс» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесу өтті. Бұл жеке өндірістік холдингте 3 зауыт пен мыңдаған қызметкер жұмыс істейді. Компания бюджет салығына төлемдерді әрдайым ұлғайтып келеді. Атап айтқанда 5 жыл бұрын 10 млрд тг төлесе, былтырғы жыл үшін салық төлемі 20 млрд теңгеге ұлғайған.
Біздің мақсатымыз - нарықтық ұстанымдарды, әділ бәсекелестік пен отандық өндірушілерді қолдайтын «Ақ жол» демпартиясының парламенттегі жұмысы туралы айту. Бір жағынан еңбек ұжымдарының ескертпелері мен өтініштерін тыңдаудамыз, экономикалық мәселелерден бөлек, әлеуметтік әділеттілік, жемқорлықпен күрес жөнінде сұрақтар келіп түсуде. Бұл біз үшін өте маңызды, себебі, «Ақ жол» демпартиясына дауыс беріп, сенім артатын жандармен ұдайы байланыста болуымыз керек, - деді Азат Перуашев.
Партия лидері партияның саяси бағдарламасының басым бағыттарын атады, бұдан бөлек жиналған қауымның сауалдарына жауап берді. Әсіресе, «Ақ жол» демпартиясының еркін экономикаға көшу туралы ұсыныстарына тоқталып өтті.
Біздің елімізде тек 5 банктің өзі ғана барлық банк секторының 65% бақылауында ұстап отыр. Сонымен қоса, өздеріне бүкіл бизнес пен барлық азамат төлем жасаса да, банктер ҚҚС-тан босатылған. Президент Қ.Тоқаев өткен жолдауларының бірінде ғана сараланған салық мөлшерлемелерін енгізуді тапсырған болатын. Біз ЕуроОдақтағыдай азық-түлік өндірушілері мен өзге де басым салалар салықты аз, ал банктер мен шикізат олигархтары көбірек төлеуі үшін ары қарай да күресеміз, - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар «Ақ жол» үгіт-насихат тобы Алматы электромеханикалық зауытының ұжымымен кездесу өткізді.
Өзіміздің отандық өндірісті дамыту маңызды. Бұл берік ұстаным. Себебі, өз өндірісіне арқа сүйей алмайтын экономика әрдайым импортқа тәуелді болады. Нарықты отандық тауар массасымен толтырмасақ, ақшаның кез-келген көлемі инфляция тудырып, девальвациялық болжамдарға әкеп соғады. Сондықтан инфляциямен несие бойынша пайыздық үстемені көтерумен емес, отандық өнімді өндіру арқылы күресу керек. Сіздер өз қолдарыңызбен өнім жасап, қосылған құнын шығара отырып, осы жұмыспен айналысып отырсыздар. Және «Ақ жол» партиясы қазақстандық кәсіпорындарды қолдайды. Біз мұндай зауыттар жұмысының артында қандай үлкен еңбек күші жатқанын, сіздердің отандастардың ыңғайлы өмір сүруі үшін қаншалықты зор жұмыс атқарып жүргендеріңізді білеміз. Сондықтан алдымен сіздерге еңбектеріңіз үшін алғыс айтып, одан арғы серіктестігімізді талқыласақ деймін, - деді Перуашев.
Бұдан бөлек ол зауыт жұмысшыларының тұрғын үй, жер телімдері, кәсіпорынды материалдармен қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша көкейтесті сауалдарына жауап берді.
Емін-еркін пікір алмасу нәтижесінде бірқатар қызметкер «Ақ жол» демпартиясы қатарына өтетіндерін жариялады. Олардың ішінде Марат есімді бірінші ниет білдірушіге Азат Перуашев партиялық төсбелгісін бірден шешіп, кеудесіне тақты.
«Ақжолдықтар» алдағы уақытта да Алматы қаласында жұмысын жалғастыратын болады. «Ақ жол» демократиялық партиясының 700-ден астам кандидаты еліміздің әр өңірінде сайлаушылармен кездесу өткізуде.
Материалға «Ақжол» партиясынан қаржы төленді.