«Ақ жол» демпартиясының Республикалық сайлауалды штабы Сыр өңіріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сайлауалды үгіт-насихат аясында «Ақ жол» демпартиясының 700-ден астам кандидаты еліміздің әр өңірінде сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда.
Бүгін Берік Дүйсембинов, Қайрат Боранбаев бастаған демпартияның республикалық штабы өкілдері Қызылорда қаласындағы бірнеше еңбек ұжымдарымен кездесті.
Кездесу барысында штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырып, негізгі 6 бағытына тоқталды: тәуелсіздік және «Алаш» ұлттық идеясы, демократия және парламентаризм, жемқорлықпен күрес және де-офшоризация, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау, сыртқы саясат.
Еңбек ұжымдарымен кездесу барысында әлеуметтік теңдікті орнатуға қатысты сұрақтар қойды.
Әлеументтік теңдікті орнату, еңбек адамының мәртебесін арттыру біздің бағдарламамызда орын алған. Бүгін неге ешкім қойшы болғысы келмейді? Себебі, отыз жылдың ішінде еңбек адамына деген теріс көзқарас қалыптасып қалды. Оны біз қалай өзгертеміз? Біз қазіргі жұмыс беріп жатқан кәсіпкерлікті қолдауымыз керек, - деді Берік Дюсембинов.
Сондай-ақ жұмысшылар нарықтық экономика мен кәсіпкерлікті қолдауға қатысты мәселелерді көтерді.
Каналдардың барлығы, оның ішінде «Шіркейлі», күріш өндірісін дамытуға салынды. Су жетпей жатыр деп, үкімет күрішті азайтайық дейді. Сонда арғы жақтан су келе жатыр. Басқа мемлекеттер ешнәрсесін қысқартып жатқан жоқ. Ал, бізге келгенде су жетпейді дейді де, күрішті қысқартайық дейді. Біз егемен мемлекетпіз. Біріншіден, біздің өзіміздің квотамыз болуы керек. Екіншіден, бұрындары арнайы гидрогенеративті институтымыз болды, қаншама мамандар дайындадық. Қазір бізде экономика, заңгер, эколог және басқа да мамандықтың жоғарғы оқу орындары бар. Бірде-бір гидрогенеративтік оқу орындары жоқ. Жаңадан күріш орны ашылып жатқан жоқ. Бұрыннан қалған жерлерге күріш егіп жатырмыз. Өйткені бізде жаңа ауыл шаруашылық алқаптары мен жаңа техникалар жоқ, - деді Қайрат Боранбаев.
Кездесуге қатысушылар партияның саяси бағдарламасын қолдап, өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен бірге, "Ақ жол" партиясының үгіт-насихат тобы "ДорСтрой" ЖШС, "Фрак Джет" ЖШС ұжымдарымен кездесті.
«Ақжолдықтар» қазақстандық кәсіпорындарды қолдайтындығын айта келе, кез-келген шағын және орта бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмысты күшейту керек екендігін, жұмысшылар тұрғын үймен, жер телімдерімен, өмір сүруге қажетті барлық материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуі керек екендігін жеткізді.
Материалдың ақысы «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлау қорынан төленді.