Қапшағай гарнизонының бөлімшелері дабыл бойынша көтерілді

4 Қазан 2019, 04:50
2162
Бөлісу:
Қапшағай гарнизонының бөлімшелері дабыл бойынша көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрі Қапшағай гарнизонында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерін және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімін дабыл бойынша көтерді.

Ведомстводан хабарлағандай, басты мақсат бөлімшелердің арналым бойынша тапсырмаларды орындаудағы қабілеттерін тексеру болды.

Толықтай жауынгерлік дайындыққа келтірілгеннен кейін бөлімше белгіленген аудандарға марш жасап, ол жерде қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Командирлермен әртүрлі шешімдер қабылданды.

Тексеріс барысында жеке құрамның шаттық қару-жарақтармен іс-қимылдарына, тәжірибелік оқ атуларды орындалуына, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді жүргізуге және пысықтауға ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижесі бойынша қорғаныс министрі жауынгерлік әзірлікті қажетті деңгейде ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.



Өзгелердің жаңалығы