"Apple Fest" фестивалі: Алматы облысының фермерлері 150 тонна алма әкеледі

16 Қыркүйек 2023, 08:29
1144
Бөлісу:
"Apple Fest" фестивалі: Алматы облысының фермерлері 150 тонна алма әкеледі
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында 16-17 қыркүйекте өтетін "Apple Fest" фестиваліне Алматы облысы шаруашылық қожалықтары 150 тонна алма жеткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараны Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ұйымдастырып отыр.

Биыл қала күнін мерекелеуге Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының шамамен 45 бау-бақша серіктестігі қатысады", - деп жазылған хабарламада.

Фестивальде барлығы алманың 13 түрі, атап айтқанда, Лимонка, Американка, Золотой превосход, Апорт, Кандиль, Грушовка, Айнур, Салтанат, Мельба, Рашида, Пеструшка, Гала және Рахат секілді түрлері ұсынылады.

"Apple Fest" қалалық фестивалі дәстүрлі мереке саналады және ол қала күнін мерекелеу аясында 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы